Буллинг деген не және оның қандай түрлері бар? » №135 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№135 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 375-11-90
Есепші телефоны:
+7(727) 375-42-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Буллинг деген не және оның қандай түрлері бар?
15
қараша
2022

Буллинг деген не және оның қандай түрлері бар?

Bullying сөзі ағылшын тілінен аударғанда "қорқыту", "кемсіту", "мұқату" дегенді білдіреді. Буллинг - агрессия немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені қорлауы, үстем екенін көрсетуі. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін. Буллингтің негізгі 4 түрі  бар. Олар: сөзбен қорқыту, күшпен қорқыту, реляцион түрі және кибернетикалық буллинг.Буллигті қалай тануға болады және онымен күресу тәсілдері қандай?тҚорлану кезіндегі жәбірленушіден мынадай белгілерді байқауға болады: киімнің жыртылуы, зақымдануы, денедегі жарақаттар (дененің көгеруі), қымбат заттарының “жоғалуы”, тәбеттің төмендеуі, қорқынышты түстер, серуендеу кезіндегі мазасыздық, сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсуден бас тарту, т.с.с. Буллинг құрбанына көмектесу үшін оны кінәламай, қолдау көрсетіп, демеу болу қажет.Мәселенің барлық маңыздылығын ескере отырып, жәбірленушінің сізге сенуге деген дайындығын байқаңыз. Жәбірленушіге көмектесу үшін мектеп әкімшілігіне хабарласыңыз, болған жайтты талқылау үшін агрессор мен ата-анасын шақыртыңыз.Қысымға ұшырамас үшін не істеу керек?Бірінші кезекте, кез келген ата-ана баласымен ашық және жиі сөйлесіп тұруы қажет. Мектепте пәндердің қалай өткенін, дене шынықтыруда қандай жаттығулар жасағанын, қатарластарымен қарым-қатынасының қандай екенін, интернетте не істейтінін сұраған жөн. Сол сияқты буллинг тақырыбында көбірек сөйлескен жағдайда бала қатарластары туралы айтатын болады. Бала сіз тарапынан психологиялық және эмоционалдық қолдауды әрдайым сезінуі тиіс.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: