«Мамандық таңдау» кәсіптік бағдар беру жұмысы
Алмалы ауданында «Алматы еңбек ұтқырлығы орталығымен» бірлесе отырып, Алматы қалалық білім басқармасының №135 мектебінде жоғары сынып оқушыларына «Мамандық таңдау» тақырыбында кәсіптік бағдар беру сабағы өтті. Кездесу барысында мансап таңдау формуласы, мамандықтардың негізгі түрлері, армандаған жұмысты қалай табуға болады деген сияқты кәсіптік бағдар беру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ оқушыларға мамандықтар атласы және заманауи мансап жолдары туралы ақпарат берілді. Кәсіп немесе мамандық