19
қараша
2025
«Білім және мансап» халықаралық көрмесі
Бүгін мектебіміздің 9–11 сынып оқушылары мұғалімдермен бірге «Атакент» көрме орталығында өткен «Білім және мансап» халықаралық көрмесіне барды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Алматы қаласы әкімдігінің дәстүрлі ресми қолдауымен ұйымдастырылуда.
XXIV Қазақстан халықаралық «Білім және мансап» көрмесі аясында оқушылар жетекші жоғары оқу орындарымен, колледждермен, халықаралық білім беру бағдарламаларымен және білім беру саласының заманауи даму бағыттарымен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Үш күн бойы білім беру ұйымдары бекітілген кестеге сәйкес көрмеге қатысады. Мұндай іс-шаралар оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, болашақ мамандықты анықтауға және өз мансабын дамыту жолында сенімді қадам жасауға көмектеседі.