12
қаңтар
2026
Профориентация
Бүгін мектебімізге МАБ колледжінің (ALMA Management College) өкілдері кәсіби бағдар беру кездесуіне келді.
9-сынып оқушыларына колледж туралы презентация өткізіліп, оқу мүмкіндіктері, даярлау бағыттары және кәсіби дамудың перспективалары жөнінде мәлімет берілді. МАБ колледжі өзін кәсіпкерлік, бизнес және кәсіби шеберлік мектебі ретінде таныстырып, көшбасшылар мен кәсіпкерлердің жаңа буынын қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.
Оқушылар келесі мамандықтармен танысты: есеп және аудит, банк және сақтандыру ісі, менеджмент, логистика, маркетинг, құқықтану, бағдарламалық қамтамасыз ету, есептеу техникасы және ақпараттық желілер, аударма ісі, туризм, эстетикалық косметология, операторлық және дыбыс режиссурасы өнері, басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану.
Оқу күндізгі форматта жүргізіледі. Оқу мерзімі негізгі орта білім негізінде – 2 жыл 10 ай, жалпы орта білім негізінде – 1 жыл 10 ай. Сонымен қатар колледж түлектеріне ALMAU университетінде оқу үшін жеңілдіктер қарастырылатыны айтылды.
Кездесу мазмұнды әрі достық атмосферада өтіп, оқушылардың болашақ мамандық пен білім алу жолын таңдауы туралы ойлануына ықпал етті. Пайдалы әрі мағыналы кездесу үшін МАБ колледжінің өкілдеріне алғыс білдіреміз.