Профориентация
Бүгін мектебімізге Кенжегали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінің өкілдері келді. Қонақтар университеттің тарихы, өзекті білім беру бағдарламалары, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері және қос дипломды оқыту жүйесі туралы жан-жақты ақпарат берді. Оқушылар талапкерлерге арналған жеңілдіктер жүйесімен, оқу шарттарымен, сондай-ақ жеке және кәсіби дамуға мол мүмкіндік беретін мазмұнды әрі пайдалы студенттік өмір туралы білді. Кездесу мазмұнды әрі шабыттандырарлық өтті. Университет