Алматы қаласы Білім басқармасының
"№135 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 375-11-90
Есепші телефоны:
+7(727) 375-42-45
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
қазан
2025

Профориентация

Болашақ түлектерімізге мамандық таңдауда бағыт көрсетудеміз!
Университет пен болашақ мамандықты таңдау – өмірдегі ең жауапты қадамдардың бірі. 11-сынып оқушыларына осы таңдауды сенімді түрде жасауға көмектесу мақсатында бүгін мектебімізде Ұлттық зерттеу ядролық университеті МИФИ өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.

Презентация барысында оқушылар заманауи жоғары оқу орны ұсынатын оқу және даму мүмкіндіктері туралы ақпарат алды. Университет өкілдері төмендегідей мүмкіндіктермен таныстырды:
🔹 «Информатика және есептеу техникасы», «Ядролық физика және технологиялар» мамандықтары бойынша бакалавриатта оқу;
🔹 Бакалавриатта оқу ұзақтығы – 4 жыл (3 жыл Қазақстан Республикасында, 1 жыл Ресей Федерациясында);
🔹 Магистратурада оқу ұзақтығы – 2 жыл (Алматы қаласында);
🔹 Жоғары технологиялық әлеует;
🔹 ҰБТ тапсырмай, қабылдау емтихандары негізінде оқуға түсу мүмкіндігі;
🔹 Оқу тілі – орыс тілі;
🔹 Елдің ірі компанияларында мансап құру мүмкіндіктері.

Алынған ақпарат түлектеріміз үшін пайдалы бағдар болып, болашақ білім жолын жоспарлауға көмектеседі деп сенеміз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

12 қаңтар 2026 Профориентация
17 қараша 2025 Профориентация
22 желтоқсан 2025 Профориентация
06 қазан 2025 Профориентация